Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:10-дағы бағасы 7 центке (0,13%) қымбаттап, барреліне 55,86 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қарашадағы фьючерстері (NYMEX) $0,08 (0,16%) көтеріліп, барреліне 49,66 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу